"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023-2024 оқу жылындағы ыстық тамақты ұйымдастыру

2023-2024 оқу жылындағы ыстық тамақты ұйымдастыру
2023-2024 оқу жылының І жарты жылдығында мектепте тегін ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-қосымшасының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 Қаулысына  сәйкес 5-11 сынып  және ҚР Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 жарлығының ІІІ Әділетті қоғам бөлімінің 3.1 тармағының 77 тармақшасына сәйкес 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.  Асхана гигиеналық талаптарға сай және керек –жарағы жеткілікті. Асханадағы тамақтар білім басқармасы бекіткен арнайы ас мәзіріне және барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай дайындалады. Сонымен қатар білім алушыларды тамақтандыруға рұқсат етілген буфет өнімдерінің тізбесі және апталық буфет мәзірі жасалынған. Ыстық тамаққа бару кестесі оқу процесіне кедергі келтірмейтіндей сабақ арасындағы үзілістерде ұйымдастырылған.

Жаңартылған күні: 09.11.2023 18:06
Құрылған күні: 09.11.2023 18:06

Текст