"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Егемендік еліміз үшін жалаң ұран мен жалынды сөз емес -Мемлекет басшысы

02.09.2021 Егемендік еліміз үшін жалаң ұран мен жалынды сөз емес -Мемлекет басшысы Егемендік еліміз үшін жалаң ұран мен жалынды сөз емес.Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып, еңбек етіп жатырмыз. Егемендік еліміз жалаң ұран мен жалынды сө земес. Біз үшін ең маңыздысы әр азаматтың тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда», - деді ҚР Президенті.
Просмотров: 255


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст