2021 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге және Тұңғыш Президент күніне арналған Зеренді ауданының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында аудандық мектеп дебат турнирі өтті. Турнирдің мақсаты: өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру; оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін, туған өлке мен елдің проблемаларын талқылауға және шешуге қатыстылығын тәрбиелеу; республикада мектептегі дебаттық қозғалысты дамыту, танымал ету және қолдау.
Турнирге 10 команда қатысты. 6 команда - қазақ лигасы және 4-орыс лигасы. 3 раунд, ширек финал, жартылай финал және финал қорытындысы бойынша "Бәйтерек ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ "Сұңқар" командасы 1 орынға ие болды. Қатысушылар: 10 "Б" сынып оқушысы Глушак Владимир Владимирович және 9 "б" сынып оқушысы Панасюра Данил Александрович. Жетекшісі: аға тәлімгер Кулыжкина Юлия Васильевна. Молодцы!Құттықтаймыз!Балаларға облыстық дебат турнирінде сәттілік пен жеңіс тілейміз!