"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы

06.04.2019

(Фанфары).


1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық!

Сөзге құлақ салайық.

Сағынып жеткен жыл құсы,

Наурызды қарсы алайық.

 

Ведущий:

Играй, баян, звени, домбра:
Желаю счастья и добра,
Здоровья и терпения,
Отличного настроения,

Чтобы мечты у всех сбылись
Здравствуй, праздник Наурыз!


Жүргізуші 1: Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгін біз Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын тойлағалы отырмыз. Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әулі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы кұні адамдар бір-біріне деген өкпе- ренештерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.

Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі,
Алаштың баласына нәсіп болған,
Кұтты болсын НАУРЫЗ мерекесі!

Ортаға Қыдыр атамызды шақырайық.

Қыдыр ата батасын тыңдайық.

Қобыз даусы.
Бекзат

Қыдыр Ата: 

Армысың, жамағат! (қолын жайып)

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын,

Ұлыс күні ұл мен қыз,

Білімнің мінсін жорғасын!
 

Бір-біріңе сүйеу бол!

Жер беті тола тіршілік,

Адамзат соған ие бол!

Әумин!


Жүргізуші:

Қыдыр ата  сіз отырып  демалыңыз. Айтқаныңыз келсін, Қыдыр Ата. Елімізде  білім, ордамызда жақсылық болса, Сіздің шапағатыңыз деп білерміз! Төрлетіңіз!

Жүргізуші:

Ортаға Наурыз қызымызды шақырайық


Рамина

Наурыз
Сәлеметсіздер ме, қонақтар. Менің атым- Наурыз Туған күнім-наурызда Сондықтан маған НАУРЫЗ деп ат қойғанҚұтты болсын тойларың! Құтты болсын Наурыз!

 

Жүргізуші 1 Уа, халайық, халайық
Наурыз тойын тойлайық 
Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық.

 (Наурыз , ұлттық киім киген қыздар   шашу шашады.)


Ведущий 2: Сегодня замечательный день — праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз — праздник весеннего равноденствия, когда, наконец-то, после долгой зимы, светлое время суток становится равным темному по своей продолжительности, а потом начинает неуклонно увеличиваться. Таким образом этот праздник олицетворяет собой начало начал, возрождение природы, торжество светлых сил добра над темными силами зла.

Открыта дверь для всех гостей —
Для пожилых и для детей.
Весна навстречу нам идет,
Весна на праздник всех зовет,
Народы самых разных стран
Шлют поздравленья в Казахстан!

8 сынып (Песня . Саржайлау)

1-жүргізуші: Жиналыппыз Наурыз тойға бәріміз де,

Үлкен кіші, жасымыз да, кәріміз де,

Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге


2-жүргізуші:
 Наурыз – жаңғырған жылдың басы.

Соқпақ даңғыл болар жылдың басы.

Сөз күйттеген қашан да халықпыз ғой

Жиын тойда айтылар сөздің басы
 


Құттықтау сөз Байтерек орта мектебінің директоры  Сәндібек Нұршәріпұлына  беріледі

Слово для поздравления предоставляется:_________________________________________

 

Жүргізші  1: Наурыз — барша қазақстандықтардың ортақ той думаны. Наурыз — достық пен еркіндіктің мерекесі. Наурыз — қаңкылдап қаздар келетің, қырларда қызғалдақ бүршік атып, Табиғат — Ана гүл көрпеге оранатын көктем айы. Мал бағуды кәсіп еткен ата-бабаларымыздың қорада қойы қоздап,түйесі боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін, қыс қыспағынан арқасы кеңіп, арқа-жарқа, мәз-мейрам шаттыққа бөленетін шақ.

(Той пердесін ашуға ортаға биші қыздарымызды  шақырамыз: )

Ведущий 2: Для казахов этот праздник является символом весеннего обновления, торжества любви, плодородия и дружбы. В старину до прихода Наурыза люди приводили свои дома и хозяйство в порядок, в честь праздника сажали деревья и цветы. Считалось, если Наурыз входит в чистый дом к хорошему хозяину, то болезни, неудачи невзгоды обойдут его стороной, а щедрое празднование этого праздника принесет в дом изобилие и успех на целый год. 

Жүргізуші 1: Салауатты өмірдің салтанаты, күн мен теңелген, баршаға арман мен адалдық, құштарлық пен сұлулық ,тазалық пен татулық сыйлаған НАУРЫЗ мейрамы кұтты болсын! Дендеріңізге амандық-саулык, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз!

(Мереке Наурыз- жыл басы Енді бізді құттықтауға 1-2 сынып оқушылары келіпті .Сөз кезегі 1-2 сынып оқушыларында)

Ведущий2
Праздник Наурыз празднуют все народы Казахстана – представители 130 национальностей, которые живут в едином стремлении жить в мире и согласии друг с другом, построить процветающее государство. С приходом Наурыза встречают Новый год, весну и солнце.
Жүргізуші 1: Ата-бабам тойлаған,

Наурызым Армысың

Қызыққа еш тоймаған ,

Дархан дала қарлы шың 

 Ұлы күні ұлыстың

Дастарханды жаямыз

Құтты болсын , Наурыз

(Сарқылмасын сары уыз - тілей отыра 3-4  сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.)

Жүргізуші:
Қош келдің наурыз еліме, 

Мейірімді төгіп жеріме

Береке бірлік бақ болып, 

Орнығып отыр төрімізде

 («Алдар көсе мен бай.» ертегісін қабыл алыңыздар. )

Алдар-косе:
Издалека пришел я к вам
Услышав звуки кюя там
Я 
знаменитый хитрый  Алдар-косе

Знают меня  конечно все 

Я хитрый сказочный герой
Сейчас вы узнаете кто я такой! Вот какая история случилась со мной

После сказки:

жүргізуші: 

Он екі жыл бір мүшелді құраған,

Бұрынғылар «жылың не?» деп сұраған.

Әрбір жылдың өзіне тән сыны бар,

Ниет қойып білу керек мұны адам.

Ортаға екі жұлдызшы шығады. Қолдарында дүрбі, кітаптары болады.

(Асылхан, Арман)


1-жүргізуші:
 Ортамызға қош келдіңіздер! Биыл қандай жыл есік қағып тұр? Оның берері не? Жұлдыздар не дейді екен?

(Жұлдызшылар біресе аспанның оң жағына, біресе сол жағына дүрбілерімен қарайды).


1-ЖҰЛДЫЗШЫ:
 Ә-ә, көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі ............. екен.


2- ЖҰЛДЫЗШЫ:
 (кітабын парақтап жіберіп) Егер Жаңа жыл иесі .........десек, онда бұл жылдың көктемі көкорай шалғын, жазы жан біткенге жайлы, күзі дихан қамбасын толтырар ырысты, қысы ескі таныстай ел-жұртқа етене жақын болары даусыз. 

 

 

 

 

2-жүргізуші: Халқымыздың ұзақ жылдарғы болжамдарында жұлдыздар кестесіне қарап туған жылына байланысты адам бойында кездесетін жағымды-жағымсыз қасиеттерін, мінез-құлқын шамалауға тырысушылық болған ғой. Доңыз жылы дүние есігін ашқан ер балалардың қандай өзіндік ерекшелігі бар? Соны айтсаңыздар.



1- ЖҰЛДЫЗШЫ: Бұл жылы туылғандар ер балалар, адал, өз сөзінде тұра білетін, тәуекелшіл, елі үміт күтер аптал азамат болып өседі. Жастары ұзақ боп, дәулетті өмір кешеді.


2- ЖҰЛДЫЗШЫ:
 Ал ............ жылы туылған қыз балалар тал шыбықтай сымбатты, тау суындай мөлдір, заты әйел болғанымен ер азаматтармен иық теңестіре алатын қарымды келеді. Ел аналары осылардан шыққан. 


1- ЖҰЛДЫЗШЫ: Қазақтың аспаны бұлтсыз ашық болғалы тұр,

Айы оңынан жұлдызы сонынан туады екен.

2- ЖҰЛДЫЗШЫ:
 Жұлдыздар солай деп жымындайды,

Тілекші боп біздерге қол бұлғайды.

Екеуі қосылып:
 Тіл-көзіміз тасқа,

Айтарымыз жоқ басқа

 

..................... берекелі  жыл болсын,

Ел-жұртымның несібесі мол болсын.
 

3-Жүргізуші: Ауыздарыңызға май, астарыңызға тай. Сіздерге көп рахмет! Айтқан жақсы лебіздеріңіздің барлығы да орындалғай!


4-жүргізуші:
 Төрге шығып, Наурыз тойын бізбен бірге тойлаңыздар!


(ӘН: «Қазақы дастарханым» 5сынып оқушылары )

Ведущий:

На сцену приглашаем учениц  4 класса с песней

( Встречаем праздник науырыз)

Ведущий 1  Қазақ халқының Наурыз мерекесінде ұлттық ойындар да ойналады екен. 
Көкпар ,бәйге, қыз қуу, асық ойын
Наурызда ойналады ұлттық ойын
Төлдейді сиыр, түйе, бие, қойың
Құтты болсын жаңарып келген осы тойың. 

 («Тұсау кесу рәсімі»)

Ведущий:

 В день праздника Наурыз в каждой семье накрывают дастархан. Для угощения гостей готовили традиционный Наурыз- коже. Это блюдо символизирует переход от зимней калорийной пищи к летней более лёгкой еде. В состав Наурыз коже обязательно входит мясо, которое означает отказ от тяжелых зимних блюд; белый айран (кефир) или курт; вообще, белый – это «ак жол, белая дорога». Обязательное добавление круп означает будущий урожайный год. Налитый наурыз коже надо есть до конца. Это означает, что год будет сытным. 
Жүргізуші 1  Осы мерекеге арнайы дайындаған «Наурыз көженің дәмін татайық 
Айналайын балалар 

Жеті түрлі дән салып

Наурыз көже пісірдім

Көжеге жас кәріңді Шақырамын бәріңді.

(Ән «Наурыз думан» Жанар- Мөлдір)

Ведущий 2:
Желаем весеннего тепла и радости в жизни.
Еще раз вас всех с праздником Наурыз!
Наурыз кұтты болсын!
Мы отметили сегодня,
Праздник светлый и большой,
А теперь всех приглашаем,
На казахский светлый той! 
Жүргізуші 1 Осымен  Наурыз мейрамына дайындаған «Армысың әз-Наурыз!!!» атты  мерекелік іс-шарамыз өз мәресіне жетті . Бақ пен ырыстың, молшылық пен тоқшылықтың, ынтымақпен бірліктің күні, әр отбасына ақ мол болсын дей отыра , ынтымақ пен бірлік тілейміз. 
 

 


 


 

 

 

Махатова Ж.Е.

Кузьминых С.А.

Просмотров: 553


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст