Зеренді ауданында мектеп оқушыларының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында мектеп оқушылары «Ұланбасы - 2019» аудандық байқауы өтті. Байқау өскелең ұрпақты жоғары рухани – адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық, интеллектуалдық деңгейін көтеруі мақсатында өткізілдген байқауға мектембіміздің ұланбасы 9 – сынып оқушысы Глушак Мария қатысып, ІІІ – орынды иеленді. Байқауға 12 ауыл мектебінен келген ұланбасылар «Менің жетістігім – Отанымның жетістігі» тақырыбында өзін таныстыру, жыл бойы жасалған жұмыстары бойынша буклет есептерімен қатар портфолияларын қорғады. Глушак Марияға жеңісің құтты болсын айта келе оқуда үздік, еліміздің мықты патриотты, азаматшасы болып достарыңа үлгілі болып жүре бер деп тілейміз!
Депу А