Бастауыш сыныптар арасында өткен "Астыққа толы алтын күз" атты мерекелік кеші ұйымдастырылды. Бұл кешке барын салған мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларының педагог-ұйымдастырушы мен сынып жетекшілерінің үлкен дайындық жұмыстарының нәтижесінде шыққан әсерлі кеш болды.Өмірлік құндылықтар мен мектебіміздің құндылықтарын біріктірілген түрлі бағыттағы көркем-өнер байқауларында бастауыш оқушыларының арасынан небір керемет таланттар анықталып, ұжымдық бірлік пен ынтымақтастықтың барына риза болып, түрлі дарын иелерінің ашылуына куә болдық. Сахна төрінде өздерін ұстау мәнері мен ұшқыр ойлау қабілеттеріне таң қалдық. Залдың ерекше безендірілген көрінісі мен жарықтың үндестігі мерекелік кештің ажарын одан сайын арттыра түсті. Дәне де мектебімізде "Астыққа толы - алтын күз" атты қол өнер жұмыстарынан көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты – күзгі табиғаттың байлықтарынан ерекше әсер алып, сол арқылы балалардың эстетикалық сезімдерін ояту.
Аталмыш көрмеге 1 - 4 сыныптардың балалары белсене қатысты. Олар көз тартатын күзгі көріністі әр түрлі жарық бояуларда жеткізе алды. Оқушылардың бәрі ұшқыр қиял иелері екендерін көрсетті.
Осындай шаралар мектеп ұжымы мен ата-аналар жұмысындағы ынтымақтастықты одан әрі күшейте түспек.
Дайындаған пән мұғалімі: Тоқталбай Айнагүл