«Қамқорлық»қайырымдылық акциясы
Байтерек негізгі мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылының 10 - қаңтардан бастап 10 - ақпанға дейінгі «Қамқорлық» акциясын өткізу шараларының жоспары құрылып бекітіліп жоспар бойынша барлық іс-шаралар өткізілді.
Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және
басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып,бекітілді. Жоспар негізінде бекітілген байтерек ауылы бойынша 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмысы қолайсыз отбасылардың үйлері араланды. 18 қаңтардан бастап сыныптар арасында «Қамқорлық» қайырымдылық марафоны өтті. Оқушылар қарттардың үйлеріне барып, қарын ашуға көмек көрсетті.
Аз қамтылған отбасыжәне көпбалалы балаларына материалдық көмек көрсетілді. Аудандық мектеп жаршысы
газетіне мақала жазылды. Мектеп сайтна орналастырылды.