"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Үздік жеті" кта ойыншылары біздің мақтанышымыз

05.02.2018

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  аудандық мәдениет үйінде балалар шығармашылық

орталығының ұйымдастыруымен  көңілді тапқырлар клубының көңілді кеші өтті. «КТА» ойындары жастардың тұлға ретінде дамуына, тапқырлығы мен талантын ашуға септігі зор. Осы ретте оқушылардың құлшынысын қолдап, көптің көзайымына айналған игілікті істі ары қарай дамыта беру маңызды екені белгілі. Мектепаралық өткен ойында алдыңғы кезеңдерден іріктелген 8 команда бақтары мен баптарын сынады. Ерекшелігі сол, өнер додасы әдеттегідей мектеп оқушылары «Ал біздің мектепте..» тақырыбыннда  өрбіді. Зеренді ауданының ауылынан  келген «До ре» командасы ойынның шымылдығын түрсе бізідің мектебіміздің "Үздік жеті" командасының ойыншылары жалғастырды. Олар әрдайым сахнаны жандандырып, ойынды көңілді бастағанды ұнатады. Сахнада «Үздік жеті» мектепбіміздің өнерпаз оқушылары  да өнерлерін паш етіп  залды ду күлкіге қарық қылды деп айтсақ артық емесӨз әзілдерін тамаш шеберлікпен көрерменге жеткізе білді.  Әзілкештер мектептегі  проблемаларды әзіліне арқау етуді ұмыт қалдырмады. Астарлы әзіл, заманға лайықты талғам көрсеткен «жайдарманшылардың» ойыны көрерменнің көңілінен шықты. Мектебіміздің «Үздік жеті» ойыншылары  осындай жақсы әзіл көрсетіп, көңіл көтеріп болашақта өздерінің осындай өнерлерімен әлі талай сайыс жарыстарды үздік ойындар көрестеді деген үміттеміз.

Просмотров: 441


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст