Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. 1- қазан қарттар күні мерекесі. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «Асыл қарттар» атты кешті ауыл әкімдігімен бірге Байтерек ауылындағы қарттады шақырып концерттік бағдарлама қойып және кішігірм мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Қарт ұстаздарға мектеп әкімшілік атынан көп жылғы еңбек саласында жеткені үшін және арттағы жас ұстаздарға тәлім тәрбиесін үлгі етіп көрсеткены үшін алғыс хатпен гүл шоқтары табыс етілді. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Нұршәріп Сәндібек, ауыл әкімі Қайыржан Теміржанұлына берілді.