Кеше яғни 22 - мамыр күні "Қош бол - балбұлағым" атты 4 - қазақ және орыс сыныптарынын бастауышпен қоштасу ертеңгілігі болып өтті. Сынып жетекшілері Беккужина Т.Ж және Мусенова А.С..
Ертеңгіліктің мақсаты:Білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру.Білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға,білімді болуға шақыру.Мектепті яғни,білім ортасын,ұстаздарын құрметтеп,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасын,Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу,тәрбиелеу.Ақыл,ой өрісін дамыту.Бастауыш сыныбымен,білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып,жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып,сәт сапар тілеп табыстау. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп көрініс және өлең тақпақ билерімен ата - ана және мектеп ұстаздарын тәнті етті. Ертеңгілік өте жақсы өтті. Орыс сыныбының оқушылары мемлекеттік тілде көрініс ойнап, қазақ тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетіп барлық көрермендерді таң қалдырды.