"ЭКСПО 2017"-ге менің қосқан үлесім
«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап,» - деп жырлаған бақытты баласы мен боламын. Менің болашағым - Қазақстан. Қазақстанның болашағы- менмін! Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алды. Көптеген әлемдік деңгейдегі іс - шаралардың өтуіне ұйытқы болып келеді. Осындай істердің жалғасы ретінде Қазақстан ЭКСПО - 2017 көрмесін өткізу. Астана ұсынған көрменің тақырыбы "Болашақтың энергиясы" деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және "жасыл" технологияға арналған. Мен еліміз ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі мәселе көтерілген кезде бесінші сыныпта оқып жүр
едім. Кейін осы мәселеге ой жіберіп көрсем, бұл – Отанымыз үшін қажет екен. Әсіресе, табиғат байлығын тиімді пайдалану жайы көңілімнен шықты. Біздің ауылдың табиғаты, шіркін, бай ғой. Оның үстіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні апайымыз елді сүю, жерді сүю, дүниеқор болмау, үлкенді сыйлау, ата-ананы қадірлеу, мұғалімді құрметтеуді бойымызға сіңіруде. Ол кісі қазақ елінде ЭКСПО-17 өтеді дегеннен кейін осыған үлкендер ғана емес, оқушылар
да үлес қосуы тиіс дегенді жиі айтты. Түрлі тақырыптар да ұсынатын. Ол кісінің үлгісі ой-санамызда әр күні жаңғырып тұрады. Содан «Мен ЭКСПО-17 қандай үлес қосамын?» деген ой мазалады. Оның үстіне елордада көрме өтетін үлкен қалашық салынып жатқанын теледидардан көріп, газеттерден оқыдым. Бұрын әлем елдерінде
өткен көрмелер туралы деректер іздестірдім. Мысалы, Парижде көрме өткенде – Эйфель мұнарасы, Лондонда – Хрусталь сарайы салыныпты. Елбасымыз Қазақстан таза, энергия тұтыну жағынан тиімді, «жасыл» елге айналуы керектігін айтты. Бұны естігеннен соң интернеттен Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдамасымен таныстым.Тұжырымдама бірнеше бағытты қамтиды екен. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі болып саналады, бірақ уақыт өте олар да сарқылады ғой. Демек, өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Ал ол ресурстарды көбейтуге біздің оқушылардың көмегіміз қажет. Мектепте «Орманды» атты кішігірім мектепорманшылығы үйірмесі жұмыс
жасайды. Мен үйірменің белсенді мүшелерінің бірімін. Қыс айларында құстарға жемсалғыш жасап, шамамыз келгенінше оларды қоректендіреміз. Көктем айларында құстарға үйшік жасап, ағаштарға ілеміз. Ал мамыр айында жыл сайын Володя ағай мен мұғаліміміз бізді орманға бұлақ басына апарады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей біз бұлақтарды тазалаймыз. Былтыр мамыр айында мектеп ауласына кәдімгі қарағайдың тұқымдарын отырғыздық. Жаз бойы оны суарып, арамшөптерінен тазарттық. Мұғаліміміз бен ғылыми қызметкер Надежда Анатольевна өсімдік әлемі туралы көптеген мәліметтермен бізді таныстыды. Қарағайдың адам өміріндегі пайдасы мен маңыздылығы туралы айтты. Үш жылдан кейін өз қолымыздан еккен қарағайдың көшеттерін жекелеп әр жерге отырғызуға мүмкіндігіміз бар. Жаз айларында ауылымыздың маңындағы Терек-бұтақ атты кіші көлімізде шомыламыз, әрі оның маңайын лас заттардан тазартуға Қолжабай ағаға көмектесеміз. «Су – тіршілік көзі», «адам – табиғаттың перзенті» дегенді үйде әжем жиі айтады.
Міне, мұның барлығын ойыңда сараласаң, біздің де ауылда отырып, елімізге тигізер пайдамыз бар
екен. Яғни ЭКСПО -17-ге мен де өз үлесімді қосқан екем ғой. Әрине үлкен үлес қоспасам да, қоршаған ортаны қорғап, ағаштар мен бұталарды сындырмау, суды ластамау, бұл да еліме деген шексіз махаббатым, еліме деген адал қызметім деп түсінемін. Тәуелсіз Қазақстаным мәңгі жасасын! – деп өз ойымды аяқтаймын.
Қайырбек Жанар 7- сынып