Текст
Бүгін мектепте "Өрт - тілсіз жау" тақырыбында айлығы аясында оқушыларға өрт болған жағдайда алдын алу мақсатында прақтикалық жаттығу өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер мен мәліметтер турылы түсініктеме беру.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Өрттің
қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес. Өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;