"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

8 наурыз мерекесі!

04.03.2024

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

Ана қуанышы, әйел қуанышы — әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары.

Әйелдер қауымын кім-кімді де әдемі әсерге бөлей келетін көктемнің жарқын да шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылық сезімімізді білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, әрі сұлулық, нәрлі күш-қуат тілейміз!
Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын.
Әркез Сіздермен бірге жеке сүйіспеншілік, көктемнің шырайлы шуағы бола берсін. Әр күн Сіздерге көктемгі сезімнің жылуын, қуанышын, бақыты мен махаббатын сыйласын!

Просмотров: 36


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст